Тарих
КЕҢСАЙ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХЫ
Мичурин орта мектебі 1967 жылы «Опытное поле» селосынан ауыстырылып, қайта құрылған. 1-5 класс аралығында ұйымдастырылған мектептің контингенті 58 балалық болып мектеп жанынан 1968 жылы қыркүйек айында интернат құрылды. Зүкен апай тәрбиеші болып, жұмыс істеді.Тәрбиеленушілер совхоз асханасында тамақтанды.Алғашында 40 тәрбиеленуші болса, олардың саны сол күндері 140- қа жеткен. Интернат бұрынғыдан кеңейе түсіп, жаңарды. Интернат балалары тегін жәрдемді пайдаланды. Совхоз дирекциясы интернатқа толассыз көңіл бөле отырып, тәрбиеленушілердің жұмысын жақсартуда, интернатты маман - педагог кадрлармен қамтамасыз етіп, тәрбие жұмысын биік талап деңгейінде жүргізді. Интернат ішін әсемдеп,керекті жабдықтармен толықтырылды. Интернат асханасында тағамның түр-түрін дәмді дайындау үшін,совхозкүз мезгілінде көкеністерді оқушылар көмегімен жинап, қысқа дайындық жұмысы жүргізілді. Осындай жағдайлар тәрбиеленушілердің алаңсыз сапалы білім, саналы тәрбие алуына мүмкіндік туғызды.
1967 жылдан бастап мектеп оқушыларының да ұстаздардың да саны арта түсті. Сол жылдарда төмендегі ұстаздар қызмет етті: Юсупова, Тоқтасынова, Дробова, Сабитова, Хабазина, Мустафина Париза, Жағыпарова Ғани, Әшімханов Риахан, Садуақасова Баған, Нұрғазина Зипаш, Қожекенова Фарида, Жиенғалиева Күлатай, Уәлиева Роза, Құрсақбаев Бақытбек, Жабашев Татубек, Құниязов Қайырбек, Хамитова Төлеуқайша, Қабашева Сәуле, Қабиолдина Раиса.
Ал, 1968-1969 оқу жылында оқушылар саны 101 болып өсіп, педагогикалық кадрлармен толықтырылған.
1969-1970 оқу жылы мектеп сегіз жылдық мектеп болып, кеңейтілді. Онда 1-7 кластарында 145 оқушы қабылданып, сегіз класс комплексі негізінде ұйымдастырылған.
1971-1972 оқу жылынан бастап мектеп орта мектептер қатарына көтерілді. Мектептің оқу-материалдық базасы өсті. «Правда», Саржыра сегіз жылдық мектептерінен 7, 8 класты бітіріп келуші оқушылар есебінен 8 кл-25 бала, 9 класқа – 43 бала қабылданды. Мектепте осы жылы 250 оқушы қамтылды. Интернат базасы 120 орындық балаға кеңейтілді. Коллектив құрамына жаңадан кадрлар қосылды.
1979-1980 оқу жылында Роза Уәлиева интернат басшысы болды. Міне, жас та болса көпшілік алғысына бөленіп, коллектив мерейін көтерген Роза Уәлиева жоғарыдан көріне білді.
1972-1973 оқу жылында мектеп өзінің алғашқы түлектерін ұшырды.
1973 жылы орта мектепті бітірушілер Шұбартаулықтардың үндеуін қолдап, облысымызда бірінші болып комсомол-жастардан «Тұңғыш» атты шопандар бригадасын құрды. Бригада жетекшісі болып Жақыпбеков Еркінбек сайланды. Оның құрамында 17 түлек болды. Олар: Жақыпбеков Еркінбек, Байсейітов Темірбек, Абилмажинов Мейрамбек, Әбзиев Нұрбек, Омарбеков Ерболат, Уалиев Махмут, Тұраханов Мұратбек, Ертісбаев Тұрсынхан, Жақанов Дәлелхан, Жүнісов Ризабек, Төлесов Молдағали, қыздардан «Аққу» сауыншы бригадасы құрылды. Олар Жағыпарова Мармалад, Сафиолдина Гүлсім, Мұқатаева Бақытгүл т.б. Алғашқы жылдары 4800-5000 бас қой малын бағып күтсе, кейіннен 11-12 мың басқа жетіп, ірілендірілген комсомол-жастар бригадасына айналды. Түлектер Саматаев Е, Сафиолданов М, Қаратаев Б жалғастырушы болса,осыларды ары қарай жеткізген Шотаева Райса, Жиенбаева Фарида, Қалибекова Бақытгүл, Құдайбергенова Гүлжан, Жөкенова Баян, Ахмадиев Қанапия сынды түлектер жұмыс атқарды.
«Жас мичуриншілер» өндірістік бригадасының жетекшісі Б.Еңсебаева, Н.Қойшыбаева, Хамзина Ғалия, Қалибекова Бақытгүлдер жұмыс атқарды.
Жатахана 60 орындық болып салынып, аты Республикаға белгілі болатындай дәрежеге жетті.
Ең алғашқы түлектердің 27-сі жоғарғы білім алып, атап айтқанда: Жақыпбеков Еркінбек,Тұраханов Мұратбек, Бықаев Талғаттар Өскемен жол-құрылыс институтын бітіріп, бүгінде әр салада қызмет атқаруда. Асылбаева Сайра, Омарбекова Бақтыбала, Баласартова Гүлбану, Солтабаева Ризалармпедагогикалық институтты бітіріп, ұстаздық етті,қазір зейнеткерлік демалыста. Мұхаметрахимов Зарқын, Байсейітов Темірбек, Әбілмажинов Мейрамбектер жоғары білім алып, әр салада белсенді жұмыс атқаруда. Қалиева Нүрбан, Жұмекенова Гүлмаш, Сағиева Бақтикамал, Сафиолдина Гүлсім, Асқапова Майра, Артықбаева Құрман, Бақаштар өз кәсіптерін дамытып еңбек етті.Саматаев Ерлан Алматы Педагогикалық Институт, Мұсанов Дәлелхан Өскемен қаласындағы Техникалық Институтта білім алды. Шотаева Раиса, Алматының Жоғарғы партия мектебін бітірді. Ауданымыздың белді азаматтарының біріжоғарғы білімді Андыбаев Мырзахан Астанамызда «Сауыр» атты құрылыс фирмасын құрып Қазақстанға үлкен үлесін қосуда.
Мектеп кадрлары де өсіп жетілді. Педагогикалық мамандар саны 20-25 тен 40-45 адамға өсті. Олардың 80% - жоғары білімді. 1970-1973 оқу жылында мектеп орта мектептер қатарына көшірілді.
«50 жылда – ел жаңа» дегендей мектеп басшылары да жаңарып, жасарып отырды.
1. Егінбаев Шәйкен, (1967ж.-1970ж.)
2. Мұстафина Париза, (1970ж.-1973ж.)
3. Сейітхамзин Қабдолда, (1973ж.-1975 ж. )
4. Мұсанов Сәріп (1976ж.-1993ж.)
5. Әбділова Бақыт. (1993-2009 ж.ж.)
6. Тауасаров Ринат (2009-2017 ж.ж.)
7. Жумашев Махамбет 2017 ж
1988-1990 жылдары нарық кезінде қосалқы шаруашылық10 га жер алып,содан мол өнім алып , аудан бойынша бірінші орынға шығып, мектеп директоры Мұсанов Сәріп ағайдың кезектен тыс жеңіл автокөлік алуы - еңбегініңжемісі. Осы жылдары мектепкесовхоз директоры Тілеубаев Әділханшефтік көмек ұйымдастырып, оқушылардыеңбекке баулуда,
5 –еңбек тоқсанында жұмыстар жасауға көмек ретінде МТЗ-80, ДТ-75, ГАЗ-53 автомашинасын берді.
Бұл жылдары оқу толық кабинеттік жүйеге көшірілді. Қазір тоғыз пәндік кабинет еңбек кабинеті: кітапхана, спорт, акт залдары, асхана (120 орындық), пионер, комсомал кабинеттері жұмыс істеді. Сонымен бірге мектеп территориясында «Харьков школьник-1» проектісі бойынша спорт алаңы және жеңіл атлетика мен доп ойындарына арналған алаңдармен жабдықталды.
Мектепте 93 мың сомның көрнекті құрал-жабдықтары мен техникалық жабдықтары алынды. Мектепте техникалық орталық (техцентр) жұмыс істеді. Радио, телефон байланыстары іске асырылды. Мектеп жанында 145 орындық интернат жұмыс істеді. Жатар орын көлемі 2 есе ұлғайтылды.
1982 жылы қазан айында 624 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 460 бала білім алды. 1982 жылғы жаңа мектептің салтанатты ашылуында мектеп директоры Мұсанов Сәріп мектептін кілтін қабылдап алды.Осы мектептің құрал - жабдығын тасуда мектеп басшылары оқу-ісінің меңгерушісі Ашимханов Риахан зор үлес қосты.Мектепте 22 пәндік кабинет, спорт зал, мәжіліс залы, асхана толық жабдықталды. Оқу пәндері кабинеттік жүйемен оқытылды. Мектепке келген жас ұстаздар методикалық-педагогикалық көмек ұйымдастырып, жас мамандар Бегімханова Разы, Мұсанов Болатхан, Бықаев Аманғазы оқушыларға техника тілін үйретуде, Әбілмажинов Шаймұрат, Қабытаев Шәкен, Кижикова Шолпан, Ашимханова Нұргүл тағыда басқа мамандар мектептің ісін жаңа талапқа сай етіп әсемдеуге көп еңбек сіңірді.Мектеп Зайсан ауданы бойынша ауданның тірек мектебі болып аталды.
Сол кезде кабинеттік жүйеге көшуге кабинет иелері көп еңбек сіңірді. Бастауыш сынып жетекшісі - Тұрғанбаева Бәкен, Абдрахманова Гүлнар, физика - Ақтанова Әлия, математика - Бегімханова Разы,неміс тілі - Шабалова Күлпәт, қазақ тілі - Төлегенова Бағдат, тарих – Қожекенов, Ғали Зақанова Қатыш, химия - Жұмаділова Роза, биология - Кемелбаева Нүрсипа апайлардың методикалық ерен еңбектерінің арқасында жоғарыда аталған оқу кабинеттері талапқа сай толық жабдықталды.
1983 жылдан бастап мектептегі оқу-тәрбие жұмысының толық кабинеттік жүйесі іске асырылды. Жылдан жылға кабинеттер жетілдіріліп, материалдық -техникалық базасы нығая түсті.
Мектебімізде 14 кабинет, 3 мастерской оның ішінде 2 лингофон,1 ЭВМ, 1 автомодуль класы іске қосылды.Бірнеше кабинеттер дистанциялық басқару жүйесіне көшіріліп, оқытушы өзінің уақытын тиімді де ұтымды пайдалануғажағдай жасалынды. Мектептегі өнертапқыштар тобы дистанциялық басқарудың ұтымды түрін ойлап тауып, терезені қараңғыламай, экранды жиналмалы жасамай, мұғалімге демонстрациялық стол ойлап шығарды, яғни көшпелі экран, жарық сындыру аппараты, диопроекторды кластан класқа алып жүру ыңғайлы болды. Бұл - техникалық прогресті іске асырудың жаңа жолдары деп айтуға тұрарлық. Мектеп реформасының басты мақсатының бірі- оқушыларға кәсіптік бағдар беру. Мичурин совхозы мен екі арада 1985-1990 жылдарға жасалған келісім - шарт негізінде жергілікті жердің талап – тілегі ескерілді. Жылма-жыл совхоз өдірісінде 140-150 бала қоғамдық пайдалы еңбекке қатысып, өндірістік бригада арқылы жұмыс істеді, совхоздың берген заказдарын орныдайтын. Төлдемеге 600 төсеніш, 3 қой қорасын тазалады, 50 га жүгерінің әр гектарынан 260 ц сүрлем алуға жеткізіп 64 т картоп жинап 2 құрылыс звеносы 50 мың саман кірпіш құйылды.
1984 жылы аудандық оқу бөлімінің бас маманы М.Құпиев жолдас мектепте экспериметтік программаның тиімділігі жөнінде оңды пікір айтты.
1984 жылықыркүйек айында мектепте П.В.Захаровтың картиналарының ашылу салтанаты болды. Оған суретшінің өзі келіп қатысты.
1986-1987 оқу жылдары мектебімізге тұңғыш рет 6 жастан оқушылар қабылдана бастады.
Реформа талабына сай оқушыларға кәсіптік бағдар беру, еңбекке баулуға көп көңіл бөлінді. Еңбек сабағында қыздар совхозға түрлі халаттар, қаптар,қолғаптар тігіп, балабақшаға жұмсақ ойыншықтар әзірлеп қолғабыс жасады.Сол кездегі еңбек сабағының мұғалімі Салақова Зәмеш өзінің ізденімпаздылығының арқасындағы іс-тәжірибесін оқушылармен бөлісті.
Техникалық еңбек сабағында ұлдар совхозға шиті, науа, күрек, айырдың сабы, балтаның сабы, түрлі қалақшалар жасап берген. Сол кезде техникалық еңбек кабинеті қазіргі талапқа сай станоктармен жабдықталған. Мектеп оқушыларының жазғы еңбегі күн талабына сай 5-ші еңбек тоқсанын 275 оқушы совхозымыздың әр саласында еңбек етумен өткізді. Мектеп бойынша 9 звено құрылды, құрамында 25 оқушы болды.
1988 жылы Қытай Халық Республикасынан алғаш рет Майқапшағай кедені арқылы әскери қызметкерлер делегациясы Зайсан ауданы Кеңсай орта мектебіне келіп, Аға мұғалім Тұрғанбаева Бақтикамалдың оқытып отырған сыныбына кіріп, балалармен әңгімелесіп сұхбаттасқан.
Мектепте көркемөнерпаздар ұйымы құрылып, олар жыл сайын алдыңғы орындардан көрініп отырды.Мектептің мәдени шараларына еңбек сіңірген ұстаздарымыз: Кемелбаева Н,Құсманов Р, Әбілханова Ә, Ибраев М.
Мектептебімізді аудан, облыс,республика деңгейінде танытқан, атын шығарған үлгілі ұстаздарымыз:
1. Мустафина Париза, «ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі»,«Аға мұғалім»
2. Нурғазина Зипаш, «ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі»
3. Тұрғанбаева Бақтикамал, «Методист- мұғалім»
4. Кемелбаева Нүрсипа, «ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі»
5. Салақова Зәмеш, «ҚазССР халық ағарту ісінің үздігі»
6. Әбділова Бақыт, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі», ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл мерекелік медаль.
7. Қожекенов Ғали «Методист - мұғалім», «Ы.Алтынсарин медалінің иегері»
8. Әбілмажинов Шаймұрат, «Аға мұғалім»
9. Мусанов Бақытхан, «Аға мұғалім»
Талай жылдар еліне елеулі еңбегі мен көптеген шәкірттерді спорт саласында тәрбиелеп, аудан, облыс, республика деңгейіне дейінжеткізген ұстазымыз Мұсанов Болат ұмытылмастай мектебіміздің мақтанышы.
1985 жылдан бастап осы мектептің түлегі Жиенбаев Оралбек Қазақстанның 5 дүркін - облыс, республика спартакиадасының, 11 дүркін қазақша күрестен чемпионы бола отырып, оқушыларды спортқа баулыды. Шәкірттері Тұрғанбаев Ш, Ахметжанов Б,Әлдивтер, Бегімбаевтар, Оразмолданов Е, Түсенов А,Тұржанова Б, Көкенова А, Есіркекенов А, Бабаев Е, Аубакиров Дәулеттің Қазақстанға танымал, республика, облыс көлемінде бірнеше дүркін жеңімпаздар болуына О.Жиенбаевтың сіңірген еңбегін атап айту орынды. Мектебіміздің түлектері спорт саласындада биік жетістіктерге жеткен: Мұқамбаев Руслан – қоянқолтық күрестен әлем чемпионы.
1993 оқу жылда мектеп басшылығына Әбділова Бақыт келді. Сол жылдарда мектебіміз күрделі жөндеуден өтті, яғни мектеп төбесі шатырланып, жылу қазандығы, жаңартылды, көмір қоймасы салынды, жылыжай салынып, іске қосылды.
1986-2000 оқу жылдарынан бастап мектеп бойынша барлық пәннен және бастауыш сыныптарда, оқу тәрбие саласы бойынша республика көлемінде іс-тәжрибелерді басшылыққаала отырып, көптеген жұмыстар жүргізілді. Аудан және облыс көлемінде бірнеше семинарлар өткізілді. Атапөтетін болсақ: «Семинар және тәжрибелік сабақтарды дайындау және өткізі әдістемесі», «Мақсатымыз – жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу», «Нарықтық бәсекеге сай білім берейік», «Гүлзарбаққа айналған мектеп» тақырыбында семинарлар өткізілді. Осы семинарларда өздерінің іс тәжрибесімен бөліскен ұстаздар: Нұрғазина З, Мустафина П, Сұсанов С, Тұрғанбаева Б, Жапарқұлова М, Түсіпбаева Ә, Кемелбаева Н, Қожекенов Ғ, Нұғыманова Г, Омарбекова Б, Кижикова Ш, Ашимханова Н,Төлегенова Б, Шабалов Б, Қасымбаева С.
1999 жылы тамыз маслихаты бірінші рет аудан мектептері бойынша Кеңсай орта мектебінде өтті. Аудан басшылары мен директорлар округ әкімдерінің қатысуымен мектептің тыныс - тірішілігімен таныса отырып, семинар өткізілді. 2000-шыжылдан бастап облыс көлемінде оқушыларды ыстық тамақпен тегін қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдері орынбарсарлары, облыстық білім бөлімінің бас мамандары және барлық аудандардың әкімдерінің орынбасарлары ішкі саясат бөлімінің басшылары менен семинар-кеңес өткізіліп, мектептің іс-тәжрибесі көрсетілді.
Биология пәндерінің мұғалімдері Кемелбаева мен Нұғыманованың еңбектерін атап өтуге болады.Республика көлемінде биология пәні бойынша олимпиада ғылыми жоба сайысынан жүлделі І-ІІ орынды Қожекенова Лаура иемденді. Бес жылда І рет өтетін мектептегі аттестациялауда мұғалімдер өздерінің категорияларын қорғап отырды. Жаңа 5+1 компьютерлік кабинетке 10 жаңа компьютер алынып ,ауыл тұрғындарын да компьютерлік сауаттылыққа оқыту мақсаты жолға қойылды. Бюджет есебінен физика, биология, химия кабинеттері жабдықталды.
Мектебіміз бойынша жоғары санатты ұстаздар:
Әшімханов Р, Нұрғазина З,Мұсфина П, Уәлиева Р, Ақтанова Ә, Жұмаділова Р, Құранбаев Е, Зақанова Қ, Кемелбаева Н, Қожекенов Ғ,Байпақова Ғ. Соңғы жылдары
Омарбекова Б,Нұғыманова Гаухар,Абдилова Бақытжамал, Ашимханова Нұргүл, Олжаева Гаухар, Мұсанов Бақытхан, Мұсанов Б, Саматаев Ерлан, Кижикова Шолпан.
Бірінші санатты ұстаздар:
Сағибекова Әсет, Төлегенова Бағдат, Абзиев Нұрлан, Қамчабаева Шолпан, Жақыпбекова Гүлсім, Түсенова Самал, Шабалов Бауыржан, Шабалова Бақтыбала, Түсіпбаева Ә, Абдрахманова А, Беденова А, Сәтиева Г, Құсанбаев А, Бортықбаева Г,Төлегенова С, Қожекенова Ф,Жумашев М, Тауасаров Р, Қасымбаева С, Қалиева Р, Бабағұмарова Ш, Қожекенов Ж, Жиенбаева М, Аскарова Р, Ниязбекова А.
Мектеп мақтанышы, мектеп айнасы болған, мектептен үздік ұшқан түлектер:
1990ж-1991ж – Оразмолданова Жадыра, Орынбекова Зәуре, 1991ж-1992ж – Қожекенова Лаура, Смағұлова Айжан, 1993ж-1994ж – Иманова Жанат, 1995ж-1996ж Риаханов Шыңғыс, Абилмажинова Назым, Қожекенов Ғалым, 1997ж-1998ж Ахметзиянова Гулмира, Қабытаева Мәншүк, Жақыпбекова Гүлдана, 2000ж-2001ж – Қомшабаева Динара, Жақыпбекова Гүлсая, Семейбаев Нұрлан, Тұраханова Сымбат, 2001ж-2002ж – Жұмашева Ләззат, Ибраева Лаура, 2002ж-2003ж Жазықбаева Айман, Зияданова Айжан, Тұрсынбекова Гүлжан, 2004ж-2005ж – Маукенов Данияр,2008-2009ж Абилмажинова Назерке, Наурызбаева Назерке, 2011-2012ж.ж. Қаламова Айжан, 2013-2014ж Ибраева Жанерке, Серіков Есбол, Құрмашева Наркес, Оралбекова Гүлжан, 2015-2016ж Мажитова Зульфия.
Соңғы буын өкілдерінің ішінде Риаханов Шыңғыс, Жакебаев Дәурен, Тілеужанова Айымгүл, Ғалымов Біржан, Маукенов Данияр, Ошманова Айжан, Жақыпбеков Еркебұлан өз білімдерін шет елде жалғастырып, қазіргі уақытта еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Риаханов Шыңғыс шетелде «Болашақ» бағдарламасынан білім алып, еліне үлкен абыройлы істер жасады. Мектебімізге үлкен көмек қолын созуда. 2013 жылы мектеп жанынан атасы Әшімханов Риахан атындағы спорт алаңын өз қаражатымен тұрғызып,балалар игілігіне жаратты.
Ғылым жолында өздерінің кандидаттық десертациясын қорғағандар: Өмірзақова Гүлшат, Орынбекова Зәуре, Қожекенова Лаура, Аскербекова Жанар, Қабылова Айна, Есбергенов Жанболат, Жакебаев Дәурен. Тілеужанова Айымгүл.
Мектебімізден шыққан магистранттар: Машиев Дархан
Жақыпбекова Гүлдана
Жақыпбекова Гүлсая
Әскербекова Жанар
Зияданова Айжан
Жақыпбеков Еркебұлан
Наурызбаева Назерке
Абилмажинова Назерке
Түсенова Назерке
Мотаева Ұлжан
Ризабекова Назерке
Жұмағазинова Жансая
Тақатова Айдана
Сонымен қатар әскери салада 10 нан артық түлектеріміз қызмет етуде: Кеңесбаев Бақытжан, Кемелбаев Қанат, Сағибеков Есбол, Рашитов Жасұлан, Есіркегенов Азамат, Семейбаев Нұрлан, Өміртаев Ержан, Ботабаев Тілек, Шекерханов Аслан, Бұлғынбаев Бауржан, Ибраев Айдос, Жиенбаев Асхат, Төлеуханов Бектас, Қапаев Аслан, Тойкенов Мерей, Абзиев Олжас.
Ғарышкер болуды армандаған Рашитов Арлан арманына жетіп Қорғаныс Министрі ұшатын Ту-134 самолетінде ұшқыш болып қызмет атқарып, көптеген марапаттарға ие болды.2002 жылы дәрежелі түлегіміз өмірден озды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында «Туған жерге тағзым» акциясы мектептен түлеп ұшқан түлектердің туған ауылына мектебіне игілікті істері жалғасын табуда. Аталмыш акция аясында әр жыл сайын бітірген түлектер өзінің оқыған мектебін еш елеусіз қалдырған емес. Компьютерлер,демалыс орнына арналған жиһаздар,музыкалық аппарат, «Газель» автокөлігі,спорт залға жабдықтар,мектеп асханасына стол, орындықтар,мектеп ауласына қақпа, ақшалай сыйақылармен демеушілік көрсетіп отырады. Біздің түлектеріміздің көмегімен орыс тілі кабинеті толық жабдықтаудан өтті. Өмірден өткен Тұрғанбаева Бақтикамал, Салақова Зәмеш, Қожекенов Ғали, Сейтхамзин Сағидолла ұрпақтары кабинетті жабдықтап өз үлестерін қосты.
Өткен жылдардың еншісіне жазылса да, біздің мектептің тарихшы ұстаздары Қожекенов Ғали, Зақанова Қатыш ағай апайымыз оқушыларды шет мемлекеттерге саяхаттауға апарды, атап айтқанда Мәскеу, Петербург қалаларына.
Осы жылдар ішінде Қазақстанның әр қаласына оқушыларымыз саяхаттап баруда. Астана, Алматы, Көкшетау тағы да басқа қалалар. Биыл ЭКСПО 2017 көрмесіне біздің мектебімізден 20 оқушы саяхаттап барып келді.
«Жас келсе - іске» дегендей, 2009-2017 жылдың тамыз айы аралығында мектеп директорының қызметін Тауасаров Ринат атқарды. Бұл жылдары мектептің ішкі және сыртқы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жылыжай салынып, іске қосылды. Балабақша шағын орталығының материалдық-техникалық базасы дамып, тәрбиеленушілердің саны көбейіп арттыру мақсатында жатар орын 2 есеге артты. Бірнеше жылдар Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қорытындысы бойынша мектеп аудан мектептері арасында жоғары көрсеткіштерге жетті.
Биылғы 2017-2018 оқу жылында өз мектебіміздің түлегі, бұрын оқу ісін меңгерген Махамбет Жумашев мектеп басшылығы қызметіне келді.
Аз уақыт ішінде өзінің іскерлігімен көзге түсуде. Мектептің акт залын эстетикалық талғаммен безендіруі, асханаға кіреберісті күрделі түрде жөндеуі, мектеп холлын жаңадан жаңғыртуы – өз мамандығын, басшылық іскерлігін ісімен байланыстыра білуі – өз жемісін беруде. Келешекте тиянақты, іскер басшы болатынына мектеп ұжымының сенімі мол.
Бүгін бір өңірдің мақтанышына айналып отырған қарашаңырақтың 50 жылдық тарихына үңілсек, коп нәрселерге қаратып, ой түйіндетеді.Оқу орының негізі о бастан дұрыс қаланған соң ол жақсы істердің сәтті жалғасына айналғаны сөзсіз. Ендеше осында жетекшілік жасаған білікті азаматтардың қайраткерлік қызметтерін еске түсірсек, артықтық етпейді. Оқушыларымыз жыл сайын өткізілетін аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларға, оқушылар ғылыми жоба сайыстарына қатысып, жүлделі орындарды еншілеп жүр.Мұғалім шеберлігін көтеру мақсатында 4 пән бірлестігі жұмыс істейді. Олардың мақсаты ең тиімді инновациялық әдістерді меңгеріп қазіргі заманғы жаңа педагогикалық технологиямен жұмыс істеу.Мектептегі спорт жұмысы жақсы жолға қойылған. Шахмат, волейбол, баскетбол секциялары жұмыс істейді. Бұл салада да мектеп аралық жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүрміз. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасатты, өресі биік, өз отанын сүйетін азамат етіп тәрбиелеу қоғам алдында тұрған борыш десек, мұндағы басты тұлға мұғалім екені сөзсіз. Ұстаздық мамандық- ешуақытта ескірмейтін, қажеттілігін, мағыздылығын жоймайтын, жауапкершілігіде жоғары қасиетті мамандық. Себебі ұстаздың алдында еліміздің болашағы, әр ата-ананың көз қуанышы, үкілеген үміті отыр. Сондықтан мұғалім білімділігімен де, парасаттылығыменде шәкірт жанына білім нәрін құйып, жүрім-тұрысымен үлгі бола білуі керек.
«Қарашада бір үй тұр,
Қарайлай жүр артыңа» дегендей бүгінде елінің елеулісі, халқының қалаулысы болып отырған кешегі түлегіміз, бүгігі тірегіміз: Қожекенов Ерік, Ибраев Манарбек, Андыбаев Мырзахан, Нұрғазин Дәурен, Жиенбаев Оралбек, Мажитов Рауль, Байқадамов Серік, Зияданова Бақтыкамал, Риаханов Шыңғыс, Әлдиев Мейрамбек, Жағыпаров Наград, Қасымбаев Сырым, Абылқасымов Елдос, Шойтанов Бауржан, Тойшыкенов Ержан, Қаламова Гүлжамал, Көкежанова Бақытгүл, Богомолов Владимир, Қалиев Амантай, Қалиева Гүлнар, Жақсылықов Мұхтар және жылы бітірген түлектер өз үлестерін қосуда.
Кеңсай ауылынан шыққан өз ауылымыздың әрбір тумасын, мектебіміздің әр түлегін, бойында өзінің ауылына жеріне деген ел жандылық қасиеті бар азамат деп білеміз. Кешегі кішкентай ауылымыз бүгінде өркениетке аяқ басқан гүлденген, дәулетіне сәулеті сай ауылға айналды. Осы ауыл халқын ілімге, білімге тәрбиелеп жүрегіне имандылық ұлатқан үлкен өмірге қанат қақтырып, білім нәрімен сусындатқан үлкен ошақтың бірі«Кеңсай орта мектебіне биыл 50 жыл». Барлықтарыңызды осы мерей тоймен құттықтаймын дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілейміз. Тағыда мерекелеріңізбен!!!!!!!
Біздің мектебіміздің ресми түрде құрылғанына 50 жыл болғанымен тарихы тереңде жатыр. 1929 жылы Каганович колхозы құрылғанда ауылда бастауыш мектеп болған. Бұл мектептің әр жылғы түлектері еліне еңбегі сіңген азаматтар болды. Мысалы Турабаев Рахметолла елімізге әйгілі әнші, Жарасов Шакен қазақтан шыққан тұңғыш өсімдікқорғау саласының академигі, профессор, Бөленов Амангелді математика ғылымдарының докторы, Шығыс жұлдызы атанған күміс көмей әнші Ораз Какеев осы мектептің түлектері.
Соңғы буын өкілдерінің ішінде Жакебаев Даурен Бақытбекұлы Қазақ мемлекеттік университетінің физика-математика факультетінің деканы болса, Тлеужанова Айымгүл Ислямхановна ҚР президенті Н.Назарбаев атындағы Болашақ бағдарламасының грант иегері, Алматы халықаралық менеджмент университетінің инновациялық білім беру бағдарламасы орталығының директоры, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы арбитраждық және аралық іс шешу орталығының арбитр судьясы, Заң ғылымының кандидаты,доцент , Орынбекова Зауре – химия ғылымдарының кандидаты.
Мектебіміздің түлектері спорт саласындада биік жетістіктерге жеткен: Мұқамбаев Руслан – қоянқолтық күрестен әлем чемпионы, Аубакиров Даулет пауэрлифтингтен еліміздің он дүркін чемпионы,азия чемпионы,2016 жылғы әлем чемпионы, спорттың осы түрінен әлем рекордсмені, қазақ күресінен республиканың үш дүркін чемпионы Жиенбаев Оралбек Мотаевич.